Бүгін Қазақстанда алғаш рет бір палаталы Парламент – Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарының сайлауы өтуде. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің Конституциялық құқығын жүзеге асырып, өзіне бекітілген сайлау учаскесінде дауыс берді. Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі бұл сайлау саяси реформалардың жаңа кезеңінің маңызды бастауы болып табылады. Мемлекет басшысы атап өткендей, Құрылтай сындарлы көзқарастар мен мақсат-мүдделерді тоғыстыратын ортақ алаңға айналып, елімізді одан әрі жаңғырту үдерісіне жоғары қарқын беруі тиіс.




